
Бүгін, Қазақстан республикасының ұлттық кітапханасында Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының қолдауымен және «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Рухани келісім» күніне арналған салтанатты шара өтті.
Келелі басқосуға «Нұр-Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті университеті жанындағы «Әбу Ханифа» ғылыми-зерттеу орталығының директоры К.Шәмшәдин және қоғам қайраткері Қ.Шалабаев қатысты. Салтанатты шарада қалалық мәслихат депутаты К.Матыжанов, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі А.Осман және Алматы қаласы Орталық мешітінің Бас имамы Еркінбек Шоқай сөз сөйлеп, өз ойларын ортаға салды.
Сонымен қатар, шараға «Әбу Ханифа» медресесі және Алматы бизнес колледжінің студенттері қатысып, келелі сұхбаттан рухани нәр алды.
Алматы қаласы Орталық мешітінің Бас имамы аталмыш «Рухани келісім» күнінің маңыздылығына кеңінен тоқталып, асыл дініміздің діндераралық татулық пен толенранттылыққа үндейтінін, өзара түсіністік пен төзімділікке шақыратынын айтып жеткізді.
Іс-шара барысында қаладағы діни ұйымдардың үздік қызметкерлері марапатталды. Атап айтқанда «Төле би» мешітінің Бас имамы К.Қоңыратбайұлына Алматы қаласы әкімінің орынбасары А.Қырықбаевтың Алғыс хаты табысталды.
Жиыннан соң діни конфессиялар көшбасшылары мен дін қызметкерлері өзара татулықтық рәмізі ретінде «Рухани келісім күніне» арналған ағаш көшеттерін отырғызды.
Пікірлер