
Бүгін «Қазақстан Халқы Ассамблеясы» ғимаратында 18 қазан – Рухани келісім күніне орай облыстағы діни бірлестіктер өкілдерінің кездесуі өтті. Онда өңірдегі рухани тұрақтылықты сақтау бағытында атқарылған жұмыстар баян етілді. Келісімі сақталған көпконфессиялы мемлекетте басты қазына – бірлік пен ынтымақ екендігі айтылды.
Кездесуде өкіл имам Төлеби Оспан «Рухани тұрақтылық бағытындағы мешіттердің қызметі» тақырыбында баяндама жасады. Осы бағытта жасалған іс-шаралар мен түсіндіру жұмыстары, өзге дін өкілдерімен жасалған диалогтар, кездесулер, БАҚ-та жариялаған мақалаларға тоқталды. Сондай-ақ, қайырымдылық бағытында атқарылған шаралар тілге тиек етілді.
Мешіт имамдары атаулы күнге орай ұйымдастырылған бұдан да басқа шараларға қатысты. Соның бірі облыстық «Рухания» мұражайында өткен кездесу. Онда қалалық орталық мешіттің имамы А.Садиев ислам дініндегі ынтымақты сақтау, өзге дін өкілімен мәміле жасау үкімі туралы айтты. Бейбітшілікті сақтаудың маңыздылығын тілге тиек етті.
Сондай-ақ, қалалық ішкі саясат бөлімі және «Нұрлы» ақпараттық-кеңес беру орталығының бірлесе ұйымдастыруымен шахматтан, теннистен сопрттық турнирлер ұйымдастырылды. Сайысқа мешіт имамдары мен жамағат та белсене қатысып, жүлделер иемденді.
Пікірлер