Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
ҚМДБ бөлім басшысы Өскеменде
18 қазан, 2018 жыл 114 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ-ның Насихат және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгеруішісі Алтынбек Ұтысханұлы жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысына келді.

ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек Қасболатұлы бөлім басшысына атқарылып жатқан шараларды баяндады. Бұдан соң А.Ұтысханұлы облыстық «Халифа Алтай» мешітінде 1 айлық білім жетілдіру курсында білім алып жатқан әйел-қыз шәкірттерімен сұхбаттасты.

Бөлім басшысы:

«Өңірлерді сауатты мамандармен қамту діни басқарманың басты бағыттарың бірі. Сіздерді Ұлы Жаратушы Алла Тағала қасиетті хақ дініміздің насихатшысы етіп бекер таңдаған жоқ, бұл бір бақыт, сондықтан осындай курс ашып, білім жетілдіріп жатқан Өскемен өкілдігінің бастамасы ең бір игілілгі мол сауапты іс» дей келе, одан ары білім алудың маңыздылығы мен қоғамдағы әйел тәрбиесінің ролі жайлы ғибрат айтты.

Бөлім басшысы сонымен қатар курсқа қатысушыларға білім беріп жатқан ұстаздармен кездесіп, оқу барысы жайлы пікір алмасып, шәкірттердің ас ішетін орны және жатақхана, кітапхананы аралап көрді.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары