Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
«Һибатулла Тарази» медресесінің ұстаздары Бас мүфтидің алғыс хатымен марапатталды
18 қазан, 2018 жыл 230 Басып шығару нұсқасы

Адамның адам болып қалыптасуына ата-аналармен қатар, ұстаздың да рөлі зор. Осы ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы «Ұстаздық - ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді... Өмірге ұрпақ берген аналарды қалай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да солай ардақтауға міндеттіміз» деген. Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана-сезімді сіңіруші адам – сол ұстаз.

Медресе шәкірттерін білім нәрімен сусындатып қана қоймай, тәлім мен тәрбие беріп, олардың бойына ізгі қасиеттерді дарытып, адамгершілік құндылықтарға ұйытып келе жатқан ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі, «Һибатулла Тарази» медресесінің директоры Данияр Әлимұхамедұлы, медресе директорының орынбасары Нұралы Бақытұлы, медресенің үлгілі ұстаздары Асхат Ақмамбетов, Ержан Зайтинов ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың алғыс хатымен марапатталды. 

Аталмыш алғыс хатты Бас мүфтидің атынан облыс өкіл имамы Данияр Әлимұхамедұлы медресе ұстаздарына табыс ете отырып, өз алғысын жеткізіп, құттықтады. 

«Қоғам мен адамзат алдындағы ерен еңбектеріңізге алғыс айтамын. Өскелең ұрпақты білім мен ізгілікке тәрбиелеудегі ерен жұмыстарыңызға Алла жар болсын! Асыл дінімізді өркендету жолындағы абыройлы істеріңізге береке тілеймін», - делінген алғыс хатта.

Медресенің жеңісті һәм жемісті күндері көп болғай!

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары