Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
СҚО: «Қызылжар» орталық мешітінде имамдардың жиналысы өтті
18 қазан, 2018 жыл 577 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ-ның Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өкіл имамы, облыстық «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы Кенжетай Байкемелұлы СҚО бойынша қала, аудан имамдарымен жиналыс өткізді. Жиналысқа облыстық дін істері басқармасының діни бірлестіктермен жұмыс жөнінде бөлім меңгерушісі Оспанова Динара қатысты.

Өкіл имам Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының  ү.ж. 9 қазанында кезектен тыс өткен төралқа отырысында берілген  бірқатар маңызды мәселелер мен нұсқаулардың жүзеге асу барысын пысықтап, кезекті шараларды таныстырды. Сонымен қатар, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың жолдауы талқыланып, оларға байланысты өкіл тарапынан ислами құндылықтарды насихаттау, дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру, рухани жаңғыру аясында тапсырмалар берілді.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары