Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының жүлдесі үшін Қостанай облысы бойынша іріктеу сайысы өтті.
Аталмыш іріктеу сайысына 12 түйе балуан бақ сынады. Қазылардың шешімімен екі балуан Республикалық турнирде бағын сынап көруге лайық деп танылды. Олар Балғынбаев Ғабит және Дәуіт Рысбек арнайы жолдамаға ие болды.
Жоғарыда айтылғандай салауатты өмір салты бүгінгі таңда аса маңызды. Сондықтан да өңірімізде алдағы уақытта да адам денсаулығын нығайту мен жақсартуға тікелей байланысты спорт шаралары болашақта да жалғасын тауып жүлдегерлер анықтала беретін болады.
Пікірлер