
Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық орталық мешітінің бас имамы Муталиев Айдос Жамбылұлымен «Бауырлас жауынгерлер» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мәтжан Шаумиевпен бірлескен шара аясында Тұпқараған ауданы Ақшұқыр, Сайын-Шапағат, Таушық, Қызылөзен, Форт-Шевченко және Баутин ауылдарында діни экстремизммен терроризмнің алдын алу мақсатында ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Іс-шараға мектеп оқушылары мен мұғалімдері қатысты. Жиында экстремистік деп танылған діни ұйымдар, олардың киім кию үлгісі, сырт-келбеті, діни идеологиясы туралы ақпарат беріліп, бейнерөликтар көрсетілді. Қоғамдық белең алған бұл проблемада әрбір ата-анаға өз баласына мұқият болуы, және діни ілімді тек мешіт ұстаздарынан алуға кеңес берілді.
Пікірлер