Кеше Мүфтидің Бас кеңесшісі Алсабеков Мухаммад-Хусайн қажы Ақтөбе медресе-колледжін зиярат етті.
Колледж ұжымы және шәкірттерімен сұхбаттасты. Шәкірттерге шариғи білім алудың жауапкершілігі, асыл дінімізге қызмет ету турасында насихат айтты. Білім талап етуші өрендерге бата-тілегін арнап, ілім үйренуде ықыласты болуға үндеді.
Колледж директоры Әбдімүтәлі Дәуренбеков медресе ғимаратын Ақтөбе қаласына көшіру бастамасы қолға алынғандығын айтып, жоба жұмысымен таныстырды.
Сондай-ақ, ҚМДБ өкілі Ақтөбе қаласындағы «Нұрдәулет» мешітін зиярат етті. Сәулетті мешіттің тыныс-тіршілігімен танысып, «Нұрдәулет» қорының директоры Борис Байжарқыновпен және мешіт имамдарымен сұхбаттасты. Мүфти кеңесшісі Алсабеков Мухаммад-Хусайн қор директорына естелік сыйлық тарту етіп, ілтипат көрсетті.
Пікірлер