Екі күнге созылған Нұр-Мүбарак университеті ректорының кубогына студенттік топтар арасынан 24 команда таласты. Университеттің Тәрбие және дін істері бөлімінің ұйымдастыруымен өткен футбол сайысының басында бөлім маманы Мейрамбек Шинтемир, Жастар ісі комитетінің спорт секторы Айдос Әсет ережелерді тәптіштеп түсіндірді. Ал оқу орнының медициналық қызметкері Мира Хұсаинова ханым ойынның бас-қасында болып, футболшылардың жалпы жағдайын бағдарлап отырды.
Өте жоғары деңгейде тартысты өткен кубокта 3-орынды (қысқартылған) «Бә» тобы, екінші жүлделі орынды 4 курс «бә» тобы иеленсе, 3 курс «Әлиф» тобы «Ректор кубогының» жеңімпазы атанды.
«Ректор кубогының» ең үздік қақпашысы А.Жаслан, ең үздік шабуылшы М.Темірлан және ең үздік ойыншы С.Абдулла атанды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы диплом, төсбелгілер және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Пікірлер