ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Әйелдер-қыздар» секторының ұйымдастыруымен «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің кітапханасында «Ұстазы жақсының – ұстанымы жақсы» тақырыбында рухани шара өтті.
Кеш барысында орталық мешіттің діни сауат ашу курсында оқитын шәкірттер қонақтардың назарына өнегелі оқиғалар желісінде әсерлі көріністер қойып, сұрақ-жауап ойыны жүргізіліп, белсенді қонақтарға естелік сыйлықтары табысталды.
Шара соңында қонақтар кештен алған әсерлері мен ұсыныстарымен бөлісіп, ұйымдастырушыларға алғыс білдірді. Облыстағы сектор жетекшісі Л.Сыдықова шәкірттерге өкіл имам атынан тағайындалған алғыс хаттармен марапаттады.
Пікірлер