Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
АЛМАТЫ: БАС МҮФТИДІҢ ЖҮЛДЕСІНЕ ҚАЗАҚША КҮРЕСТЕН ІРІКТЕУ ТУРНИРІ ӨТТІ
15 қазан, 2018 жыл 98 Басып шығару нұсқасы

Бүгін, "МЕДИНА" спорт кешенінде Бас мүфтидің жүлдесі үшін қазақ күресінен V Республикалық турнирге Алматы қаласы жамағаты бойынша іріктеу сайысы өтті.

Іріктеу сайысына 28 балуан қатысып, өзара күш сынасты.

Жарысты Алматы Орталық мешітінің Бас имамы Еркінбек қари Керімбекұлы сөз сөйлеп ашып берді. Ол сөзінде айтулы шараға ат салысып, спортқа көңіл бөліп, салауатты өмір салтын насихаттап жүрген балуандарға өз алғысын жеткізді.

Ал, Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының басшысы Айдар Есенбеков жарысқа қатысушы балуандарға алдағы сайыстарда сәттілік пен жеңіс тілеп, өзінің жүрекжарды лебізін білдірді.

Сондай-ақ Таугүл мешітінің бас имамы Камалжан Тұрдыбаев та жарыстың жоғары деңгейде өтуіне мұрындық болды.   

Тартысты өткен жарыс нәтижесінде екі балуан (І және ІІ орын иегерлері) Астанада өтетін қазақ күресінің V Республикалық турниріне жолдама алды.

Алматы қаласы бойынша қазақ күресінен жүлделі орын иегерлері:

1 орын – Алмас Мухаметулла

2 орын – Зекен Ерболат

3 орын – Исатай Қойшыбаев

Жеңімпаздарға алдағы жарыстарда топ жарып, биіктерден көріне беруіне тілектестік білдіреміз!

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары