Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Павлодарда қазақша күрестен іріктеу сайысы өтті
15 қазан, 2018 жыл 175 Басып шығару нұсқасы

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы,  Павлодар облысы бойынша өкілдігі Бас мүфти жүлдесі үшін қазақ күрестен V Республикалық турниріне іріктеу жарысын Екібастұз қалалық «Жасыбай» спорт кешенінде   ұйымдастырылды.

Іріктеу сайысына облысқа қарасты әр қала,  аудан мешіттері атынан екі үміткерден қатысып, өз күштерін сынады.  Сайыс басталар алдында өкіл имам Жолдас Қоспақұлымен Екібастұз қаласының әкімі Нұржан Кемерұлы Екібастұз мешітінің бас имамына және имамның көмекшілеріне алғысын айтып, сайыстың жоғары дәрежеде ұйымдастырылғанын атап  өтумен қатар жиналған қауымға бұл сайыстың мән-мағынасы, күрес – ол Пайғамбар (с.ғ.с.) сүннеті, сауапты іс екендігін түсіндіріп, палуандарға  сәттілік тіледі.  Ал мешіт жамағаты,  ақсақал  Болат қажы атамыз палуандарға батасын беріп, Алла Тағаладан күрестің сәтті өтуін тіледі.

Сайыс өте қызықты өтті.  Даулы жағдайлар  телекамералардың көмегімен шешіліп отырды.

Бас жүлдені Республикалық турнирге жолдама, арнайы медаль (150 000теңге) Павлодар қаласы «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің палуаны  Мамедов Самир қанжығасына байласа, екінші орын, арнайы медаль 100 000 теңге жүлдені Екібастұз мешітінің  палуаны Махамбетов Ислам  еншіледі. Ал жүлделі үшінші орын, арнайы медаль (50 000 теңге)  Павлодар қалалық «Ақмешіт» мешітінің палуаны  Егінбаев Еркебұланға бұйырды.

Жүлделі орындардан көрінген екі балуанға Республикалық V турнирге жолдама берілді.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары