
ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының жүлдесі үшін қазақ күресінен V республикалық турнирге Өскемен өңірі бойынша іріктеу сайысы Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы орталығында болып өтті.
Түйе палуандар белдесуін тамашалауаға жиналған халықтың қарасы мол болды. Шараның басталуында Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің наиб имамы Дәулет Қабидолдин палуандарға сәттілік тіледі.
Дүбірлі бәсекеде өңірге танымал 16 палуан боз кілемде белдесті. Күш, ептілік, жылдамдық сарапқа түскен дүбірлі додада Ұлан ауданынан Әміренов Т. 1-орын иеленсе, Тарбағатай аудандық палуан Нұрахметов С. 2-орын иеленді.
Жүлдегерлерге ақшалай сыйлықтар табыс етілді. Өскемен өңірі бойынша оза шапқан қос палуан Астанада өтетін республикалық V турнирге жолдама алды. Сонымен қатар марапаттау шарасы барысында өңірде қазақ күресін дамытуға қосқан үлесі үшін спорт ардагерлеріне өкілдік атынан марапат ұсынылып, шапан жапты.
Пікірлер