Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Қостанай: Сарыкөлде өткен кездесу
15 қазан, 2018 жыл 130 Басып шығару нұсқасы

Қостанай облыстық мешітінің уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Абдулқаһһар Садықұлы және «Жастар ісі секторының» өкілі Әлішер Ертайұлы Қостанай облысының Сарыкөл ауданында бірқатар маңызды кездесулер өткізді.

Атап айтқанда,  А.Ерматов осы аудандағы «Нәзира Даулетова» атындағы орталық кітапханада зиялы қауыммен жүздесіп «Ислам және отбасы» тақырыбында тренинг өткізді.

Ал Ә.Ертайұлы «Сарыкөл агробизнес және құқық колледжі» студенттерімен кездесіп «Ата-ананың ислам дініңдегі орны», «Жастардың білімге деген ынтасы» деген тақырыптарда насихат айтты.

Сондай-ақ, А.Ерматов осы аудандағы «Аққозы қажы» мешітіндегі жұма намазында «Аманатқа берік болу – адамшылық белгісі» тақырыбы жайлы мешіт жамағатынауағыз жүргізді. 

Сарыкөл ауданының бас имамы Дәулетбай Әбдіхалық облыс мешіттен келген дін қайраткерлеріне шын жүректен шыққан шынайы алғыстарын білдірді.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары