
ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек Қасболатұлы қазақ радиосына сұхбат берді. Сұхбат барысында өкіл имам ҚМДБ тарапынан атқарылып жатқан шараларға кеңінен тоқталды.
Әсіресе, жат ағымдарға қарсы күрес, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы ұлтымыздың дәстүрлі құндылықтарын насихаттау, қоғамда рухани келісімді орнықтырудың маңыздылығын саралады. «Қазақстан күллі әлемдік діндерді бір үстел басына жинап, әлемде татулықпен келісімнің салтанат құруына бейбітшіліктің қағидаларын насихаттайтын келісімге шақырып, рухани әлеуетімізді әлемге паш етті» деп атап өтті.
Ермек Қасболатұлы тілшінің сауалдарына жауап беріп, өкілдік тарапынан Өскемен өңірінде атқарылып жатқан рухани істерге де тоқталып өтті.
Пікірлер