
«Аквапарк» спорт кешенінде ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жүлдесі үшін қазақша күрестен V республикалық турнирге үміткерлерді іріктеу бойынша облыстық сайыс өтті.
Шын мықты сыналатын жарыста Өкіл имам Болатбек Ұласқанұлы қатысушыларға сәттілік тілеп, бәйгені салтанатты түрде ашып берді.
Төрешілердің шешімі бойынша боз кілемдегі тартысты доданың І (70000 тг), ІІ (50000 тг), ІІІ-ші (30000 тг) жүлделі орындарын, сәйкесінше М.Исағабылов, Н.Сәлімгереев, Ә.Қозыбаев есімді шын жүйріктер қанжығаларына байлап, республикалық турнирге Қызылорда облысының намысын қорғайтын үміткер ретінде жолдама алды.
Пікірлер