
Бүгін облыс әкімі Бердібек Сапарбаев «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінде болды. Мешіттің наиб имамы Нұрлыбек Күзенбаев аймақ басшысын мешіт жанынан ашылған Отбасы мәселелері бойынша кеңес беру орталығымен таныстырды.
Орталық қызметіне жүгінгендерге мешіттің имам-ұстаздары кеңес береді. Келушілер жайлы жайлы мәлімет арнайы журналға тіркеліп, есебі жүргізіліп отырады.
Облыс әкімі Бердібек Мәшбекұлы орталық жұмысының маңыздылығына тоқталып, игі бастамаға иек артты, сәттілік тіледі. Оның қазіргі қоғамдағы ажырасу, талақ, некесіз бала секілді жиіреген жағымсыз факторлардың азаюына әсер ететіндігіне сенім білдірді.
Естеріңізге сала кетейік, діни басқарма 2018 жылды «Ислам және отбасы» жылы деп жариялаған болатын. Осының аясында наурыз айында «Нұр Ғасыр» мешітінде Отбасы мәселелері бойынша кеңес беру орталығы ашылып, арнайы бөлме жасақталған болатын. Орталық қызметіне бүгінде 600-ға жуық тұрғындар жүгінген.
Пікірлер