Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Ақтауда қайырымдылық жәрмеңкесі өтті
13 қазан, 2018 жыл 193 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ-ның Маңғыстау облыстық орталық мешітінің Әйелдер-қыздар секторының жетекшісі Джумагалиева Гаухардың ұйымдастыруымен жағдайы төмен Ибрагимова Сафия есімді келіншекке көмек көрсету мақсатында қайырымдылық жәрмеңке ұйымдастырылды.                                               

«Көп түкірсе көл» демекші жәрмеңкеге мешіт  шәкірттері мен жамағаттар ат салысып, өз қолдарымен пісірген кондитерлік тәттілерін, бәліш-самсаларын сатылымға қойды.

Жұма намазын оқып болған жамағат жомарттық танытып, сатылымға қойылған тәттілер түгел дерлік сатылып, нәтижесінде 200.000 теңгеге жуық қаражат жиналды. Аталмыш қаражат Ибрагимова Сафия есімді көмекке мұқтаж жанға берілді.

Жағдайы төмен отбасылырға қайырымдылық жәрмеңкесін ұйымдастыру алда өз жалғасын табатын болады. Сауапты іске ат салысқан әрбір қатысушыға алғысымызды білдіреміз.

 

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары