«Әйелдер-қыздар» секторының жұмысын дамту, діни сауаттылықты арттыру аясында Өскемен аймағы өкілдігінің ұйымдастыруымен Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде өңірдегі әйелдермен қыздардың діни білімін жетілдірудің 1 айлық курсы басталды. Оқуға аудандармен қала мешіттерінің әйел ұстаздарымен әйел жамағаттары қатысуда.
«Білім жетілдіру курсында 60-тан астам әйелдермен қыздар дәріс алып жатыр. Білім жетілдіру курсына білікті ұстаздар дәріс беруде. Оқуға алыс аудандардан келгендерді мешіттің жатақханасына тегін орналастырып, 3 мезгіл аспен қанымдап, жағдай жасап отырмыз» деп атап өтті, ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек Тасболатұлы.
Пікірлер