Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Қостанайда облыстық Құран жарысы өтті
11 қазан, 2018 жыл 140 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша мешіт шәкірттері арасынан жыл сайын түрлі сайыстар тұрақты ұйымдастырылып келеді.

Қостанай облысы Қарабалық ауданында «Құран сенің шапағатың» атты «Ғашура ана» мешітінің 10 – жылдығына арналған облыстық деңгейде Құран жарысы болып өтті. Шараның Әділбек Рыскелдіұлы демушілік етті.

Аталмыш облыстық сайысқа алыс – жақын аймақтардан жалпы саны 50-ге жуық шәкірт келіп қатысты. Жарысқа «Қауам Ад-дин Әл-Итқани Әл-Фараби Әт – Түркістани» республикалық қарилар дайындау орталығының директоры Сәдуақас Сағындықұлы қазылық етті.

Жарыс нәтижесі бойынша бірінші орынды ең жас шәкірт Бекболат Қайратұлы иеленді. Екінші орынды Абылай Хайрулла және үшінші Арқалықтан келген Абай Құланбаев жеңіп алды.

Екінші кезең бойынша Құранның жарты парасын жатқа оқудан бірінші орынды Архат Құлтай, екінші орын Жәнібек Қаржауов, ал  үшінші орын Нұржан Айтбайға бұйырды.

Аталмыш жарыс жеңімпаздарына лайықты құрмет көрсетіліп, марапатталды.  

Ал қалған қатысушыларына да Бас мүфтиіміз Серікбай қажы Сатыбалдыұлының «Тәпсір тұнығы» атты кітабы мен ақшалай ынталандыру сыйлықтары таратылды.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары