
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы, Маңғыстау облысы бойынша өкілдігі Бас мүфти жүлдесі үшін қазақ күрестен V Республикалық турниріне іріктеу жарысын ұйымдастырды.
Облысқа қарасты әр ауданнан үміткерлер бас қосып, өз күштерін сынады. Қазақша күрес және дзюдодан Маңғыстау облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде өткен белдесу нәтижесінде білекті балуандар төмендегідей орындарға ие болды. Қазылардың ортақ ұйғарымымен үшінші орын Ақтау қаласының палуаны Аманов Асқат еншілесе, екінші орын Мұнайлы ауданының пауаны Шолтаев Ғалымға бұйырды, ал бас жүлдені ақтаулық Жарылғапов Нұрдәулет еншіледі. Жүлделі орындардан көрінген екі балуанға Республикалық V турнирге жолдама берілді.
Балуандарға арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Пікірлер