
ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкілдігінің «Жастар ісі» секторы мен Алматы облысы Дін істері басқармасы студенттер арасында ұйымдастырылатын ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының бірлескен жоспарына сәйкес Талдықорған қаласының «Авиценна» медициналық колледжінде «Отбасы құндылықтары» тақырыбында студенттермен еркін сұхбат кездесуін ұйымдастырды.
Шараға ҚМДБ Талдықорған өңірі, «Нұр» мешітінің Бас имамы Данағұлов Алмас және Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығының инспекторлары қатысты.
Кездесу барысында отбасы құндылығын жастарға дәріптеп, діни тұрғыда насихатталды. Сұрақ-жауап алмасып,тұшымды ойлар айтылды.
Пікірлер