Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Қазақстан Президенті Әл-Азһардың Бас имамы Шейх Ахмад ат-Тайебпен кездесті
10 қазан, 2018 жыл 90 Басып шығару нұсқасы

Нұрсұлтан Назарбаев Бас имамға ілтипат білдіріп, мұндай жоғары деңгейдегі қонақтардың Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI съезіне қатысуының Қазақстан үшін маңызы зор екенін атап өтті.

Бізді Әл-Азһар университетімен ертеден орнаған қарым-қатынастар байланыстырады әрі оның ғалымдарының еңбектерімен таныспыз. Сіздің съезге қатысуыңыз ортақ ісімізге қосылған зор үлес болатынына сенімдімін, – деді Мемлекет басшысы.

Шейх Ахмад ат-Тайеб форумға шақырғаны үшін Қазақстан Президентіне алғыс білдірді.

Менің Қазақстанға алғаш сапармен келген кезімнен бері Астана қатты өзгерген. Мұнда көптеген әдемі ғимараттар бой көтеріпті, – деді дін қызметкері.

Кездесу барысында тараптар конфессияаралық диалогтың өзекті мәселелері мен оны әрі қарай дамыту перспективаларын талқылады.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары