Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Ақ Жайықта Құран жарысы болды
09 қазан, 2018 жыл 120 Басып шығару нұсқасы

Адамзаттың асылы Мұхаммед пайғамбарымыз ﷺ хадисінде: «Сендердің ең ізгілерің – Құранды үйреніп, оны өзгеге үйреткендерің», – деп өсиет еткен. Осы бір ұлағатты сөзді жүзеге асыру мақсатында Бөрлі аудандық мешітінде жамағаты арасында ауданаралық «Құран мәңгі мұғжиза» атты Құранды жатқа және мәнерлеп оқудан жарыс өтті.

Сайысқа облыстық орталық мешітінің бас имамы Еркебұлан Ыбырайымұлы, орталық мешіттің ұстазы Ринад Акимов, Бөрлі аудандық мешітінің бас имамы Қанат Қуанышбайұлы төрелік етті .

Білімдерін, имандарын арттыру, қасиетті Құранның қадір-қасиетін ұғындыру, шәкірттерді шыңдау мақсатында өткізілген жарыс тартымды да әсерлі өтті.  

Қазылар шешімімен  Нұрғазы Қыстаубаев (Теректі ауданы) І орын,  Самат Гайнуллин (Тасқала ауданы) ІІ орын, Дильшат Садвакасов (Бөрлі ауданы) ІІІ орын иеленді. Шараға қатысушыларға бағалы сыйлықтар табысталды.

Соған қоса тағы екі белсенді қатысушыға Ислам Абдужалал (Бөрлі ауданы) мен Темирхан Марленовқа (Орал қаласы) ынталандыру сыйлықтары берілді.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары