Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Астана: Қазақша күрестен V Республикалық турнирге іріктеу сайысы өтті (ФОТО)
09 қазан, 2018 жыл 132 Басып шығару нұсқасы

Астана Техника-экономикалық колледжінің спорт кешенінде Бас мүфти Cерікбай қажы Сатыбалдыұлының жүлдесі үшін қазақша күрестен V Республикалық турниріне іріктеу сайысы өтті, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Астана қаласындағы өкілдігі, «Нұр Астана» орталық мешітінің ұйымдастыруымен өткен спорт додасына қала мешіттерінің жамағатынан іріктелген 14 палуан қатысты.

Турнир талаптарына сәйкес іріктеу сайысында 18 жастан асқан, салмағы 74 кг-нан жоғары, кәсіпқой спорт саласынан тыс әуесқой палуандар күш сынасты.

Іріктеу сайысының ашылу салтанатында ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкілі, «Нұр Астана» орталық мешітінің бас имамы Асқар Мұқанов шараның маңызы мен мақсаты жайында айтып өтті.

Білекті палуандар арасында өткен белдесу нәтижесі төмендегідей болды. Қазылардың орта ұйғарымымен үшінші орынға «Әс-Сәлам» мешітінің палуаны Төле Аманжол ие болса, 2 орынды «Әзірет Сұлтан» мешітінің палуаны Айсағалиев Нұрдәулет еншіледі. Ал бірінші орынға «Төлебай» мешітінің палуаны Жұмағали Алмаз лайық деп танылып, Республикалық V турнирдің жолдамасын ұтып алды.

Жүлдегерлерге арнайы дипломдар мен ақшалай сыйақы табысталды. 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары