Ұстаздар күні қарсаңында қоғамдық марапаттар мен атақтар жөніндегі республикалық Кеңесінің шешімі бойынша «Білім беру саласының үздігі» медалімен ҚМДБ-на қарасты Павлодар қаласында орналасқан Әбу Бәкір Сыддық медресе колледжінің директоры Аршабаев Серікбол Тілегенұлы марапатталды.
Жеті бірдей қоғамдық ұйым өкілдерінен құралған марапаттаушы коллегия оған құрметті атақты ұсынды. Мұндай атақ білім беру ісінде жеткен жетістіктері, білімі, еңбек өтілі, ұстаздық санаты, тәрбие беру мен оқу бағдарламаларын іске асыруда және жас ұрпаққа білім беру процесін ұйымдастырудағы елеулі табыстары үшін берілді.
Марапаттау рәсімінде сөз алған Қоғамдық атақтар мен марапаттар жөніндегі республикалық кеңестің төрағасы, профессор Марат Тоқашбаев бірқатар ұстаздарды алған марапаттарымен құттықтады.
«Білім беру саласының үздігі» атағымен қатар «Қазақ өнерінің қайраткері» медалімен ұлттық өнеріміздің лайықты тұлғалары да марапатталды. Салтанатты жиын концерттік бағдарламаға ұласты.
Пікірлер