
ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігінен аудан имамдарына мешіт жанынан шаруашылықты дамыту, мал және егін шаруашылығымен айналысу туралы бастамасының аясында қазіргі таңда Өскемен өңірінде бірқатар мешіттер егін, көкөніс шаруашылығын дамытып отыр.
Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ақсуаттағы «Ұранхай қажы» мешіті биылғы еккен картоп және басқа да өнімдерін жинап алды.
«Аудан әкімінің көмегімен 15 га егіндік жер алып, жыл сайын өнім алып келе жатырмыз. Жаз бойы тынымысыз еңбектенудің арқасында жақсы өнім алдық. Өзіміз еккен картоп, сәбіз, қырыққабат, қауын-қарбыз секілді өнімдерімізді тұрмысы төмен отбасыларға және имамдарымызға қайырымдылық көмегі ретінде жұмсаймыз» деп атап өтті, Тарбағатай ауданы Ақсуаттағы «Ұранхай қажы» мешітінің бас имамы Айдын Құсманұлы.
Өнім жинау шарасына имамдармен жамағаттар тартылды.
Пікірлер