
Кеше өкіл имам Төлеби Оспан Досжан хазрет кесенесін зиярат етті. Кесененің және хазреттің өзі іргесін қалаған ескі мешіт орнымен танысып, діни қайраткер рухына Құран бағыштады.
Асыл дініміздің дамуына аянбай қызмет еткен Досжан ишан –ақтөбеліктердің ғана емес, күллі мұсылман халқының мақтанышы. Мешіт-медресе салу, бала оқыту, ислам мен иман шарттарын үйретумен қатар қажы қандастары үшін Меккеден қонақ үй салдырған текті бабамыз – біздерге қоғамға пайдалы мұсылман болудың нақ үлгісін көрсетіп кеткен жан. Жуырда Елбасының Рухани жаңғыру бағдарламасының аясында кесенені қайта қалпына келтіру мәселесі көтерілді. Игі іс «Рухани қазына» кіші бағдарламасының «Киелі жерлер географиясы» атты арнайы жобасы аясында жүзеге аспақ.
Пікірлер