ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың №2254 бұйрығымен Қармақшы аудандық «Қармақшы ата» мешітінің бас имамдық қызметіне Абенов Жақсыбек тағайындалды.
Қармақшы ауданындағы іс-сапарын аудан әкімі С.Мақашов мырзамен кездесумен бастаған өкіл имам Болатбек Ұласқанұлы жаңа имам Ж.Абеновты таныстырып, өңірдегі діни ахуалды сақтау, жаңадан құрылған Түркістан облысында ашылған ҚМДБ өкілдігі, ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің атқарып жатқан жаңа бастамаларымен және жоспарларымен бөлісті.
Қасиетті жұма күні аудандық орталық мешітте жамағаттың алдында Қармақшы ауданында Бас имамдық қызметті абыроймен атқарған А.Жаркинбековке өкілдік атынан алғыс білдіріп, ауданға тағайындалған жаңа имам Ж.Абеновты таныстырды.
Намаздан кейін, Өкіл имам ел амандығы мен жұрт тыныштығы, бейбіт өмірдің тұрақтылығы, ұрпағымыздың баянды болашағы үшін Алладан дұға етті.
Абенов Жақсыбек - 1980 жылы Қызылорда облысы, Арал қаласында дүниеге келген.
Білімі: Жоғары
2011-2015 жж. «Нұр-Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті университетінің «Исламтану» мамандығы бойынша бакалаврі.
2015-2017 жж. «Нұр-Мүбарак»Египет Ислам мәдениеті университетінің «Дінтану»мамандығы бойынша магистрі.
Еңбек жолы:
2002-2007 Қызылорда облысы, Арал ауданы, Аманөткел ауылы «Мұхаммеди Ишан» мешітінің бас имамдық қызметі.
2007-2010 жж. Қаратерең ауылы, «Мәмбетәлі ахун» мешітінің бас имамдық қызметі.
2010-2011 жж. Қызылорда облысы, Сырдария аудандық орталық мешітінің бас имамдық қызметі.
2013-2014жж. Алматы қаласы, Алатау аудандық «Бекет ата» мешітінің наиб имамдық қызметі.
2014 жылдың сәуір айынан бастап Алматы қаласы, Жетісу ауданы, «Сұлтан Қорған» мешітінің наиб имамдық қызметін атқарған.
2018 жылдың 9-сәуірінен бастап Қызылорда қаласы, Қызылжарма ауылдық округі, «Алдажар жәме» мешітінің Бас имам болып қызмет атқарып келді.
Пікірлер