Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Наиб мүфти жаңа мешіттің ашылуына қатысты (ФОТО)
06 қазан, 2018 жыл 132 Басып шығару нұсқасы

Қазақтың тарихи мекені, құт мекен Созақ өңірінің аудан орталығы Шолаққорғанның Балдысу елді мекенінде Алланың үйі – мешіт жаңадан бой көтеріп, есігін қасиетті Жұма күнінде жамағатқа айқара ашты.

Жаңа мешіттің ашылуына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти, Түркістан облысы бойынша өкіл имам Наурызбай қажы Тағанұлы, «Қазақстан қажылары» қауымдастығы діни бірлестігінің төрағасы Еркінбай Дуанаев, ауданның ақсақалдары, аудандық депутаттар, алыс-жақыннан келген ағайындар, ауыл азаматтары қатысты.

ҚМДБ-ның төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы құттықтау сөзінде:

«Құрметті киелі Созақ өңірінің тұрғындары Сіздерге Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы хазреттің ыстық сәлемін жеткізе отырып, ол кісінің өзі қатысуы тиіс еді, ол кісінің шұғыл шаруаларының болып қалуына байланысты баршаңыздан кешірім сұрайды, оны біздің жеткізуімізді тапсырған еді»,- деп сәлемін жеткізді.

Және барша мұсылмандар атынан мешіт салған кәсіпкер азаматтарға, мұрындық болған барша ағайынға ризашылықтарын білдіріп, Дінбасының арнайы сыйлығы қасиетті Меккеден әкелінген Құран кітабын мешітке табыс етті.

Ары қарай сөзді Еркінбай қажы жалғап, Наурызбай Тағанұлына қазақы дәстүрмен шапан жапты. Мешітке Құран кітабын сыйға тарту етті.

Аудандық «Ардагерлер алқасы» төрағасы, ауылдың ақсақалдары баталарын берді.

Наиб мүфти Жұма уағызын айтып, намазын жүргізді.

 

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары