Бүгін Нұр-Мүбарак университетінде апталық араб тілін оқытуға қатысты семинар-тренинг өз мәресіне жетті. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен ИСЕСКО ұйымдастырған бұл шараға еліміздегі 9 медресе-колледждерден келген 30 ұстаз біліктілігін арттырды. Ұстаздар бес күн бойы араб тілін оқытудағы жаңа тәсілдері мен ерекшеліктерімен танысты.
«Бұл семинардан үйренгеніміз мол. Өйкені күн сайын жаңа ақпараттар мен жаңалықтармен жарысқан жаңа технологиялық мүмкіндіктер біздің дәрістерді қызықты әрі тиімді өткізудің тәсілдерімен таныстық. Ұстаз әрдайым ізденісте болмаса, шәкірттерге де қызықсыз болып қалады. Сондықтан бұл бес күн бізге жаңа серпін бергендей», - дейді тренингке қатысушы ұстаздар.
Семинар-тренингтің бас-қасында ИСЕСКО ұйымның директоратының басшысы Адел Бурауи, Ұлттық сарапшы доктор Рамзи Ромдани, доктор Амр Абделмонем, Александр Тарак мырзалар болды. Бүгін барлық ұстаздарға сертификат беріліп, болашақта білімдерін арттыра берулеріне тілектестік білдіріп, семинар-тренинг өткізуге жағдай жасаған қазақстандық тарапқа шексіз ризашылығын жеткізді. Ал қатысушы медресе-колледж оқытушылары да Ұстаздар күні қарсаңында білімдерін арттырып, жаңаша серпін алуға мүмкіндік жасаушы ИСЕСКО ұйымы, ҚМДБ-сы мен Нұр-Мүбарак университитетіне жүрекжарды алғыстарын жаудырды. Осынша жақсылық пен қуанышқа себеп болған білім шарасы болашақта жалғасын табатынына сенім мол.
Пікірлер