Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ИМАМДАР ҚАЛАНЫҢ 200 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕКЕСІНЕ ҮЛЕС ҚОСУДА
05 қазан, 2018 жыл 87 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің тапсырмасымен қалалық «Сұлтан» мешіті мен «Шын жүректен» еріктілер тобы бірлесіп Қызылорда қаласының 200 жылдығына орай қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.

Әрдайым мұқтаждың мұңын тыңдап, қиналғанның қасынан табылатын мешіт қызметкерлерінің қала күнінде де халыққа мейірімділік пен жанашырлықты насихаттау мақсатында өткізген  шарасында  ҚМДБ-ның Сыр өңіріндегі өкілі Болатбек Ұласқанұлы, қалалық «Сұлтан» мешітінің Бас имамы Қ.Отызбаев арнайы қатысып қала жұртшылығын мерекемен құттықтады.

Шарапаты мол игі шараға мешіт жамағаттары, жергілікті кәсіпкер азаматтар мен «Шын жүректен» еріктілер тобы бір үйдің баласындай атсалысып, қаламыздың түрлі жерлерін аралап жүріп, еңбек етіп жатқан 200 адамға мерекелік түскі асты тарту етті.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары