Павлодар облысының өкіл имамы Жолдас Қоспақұлы облыстық «Төтенше жағдайлар департаментіне» қарасты барлық қызметшілермен кездесу өткізді. Аталмыш мекеменің ғимаратында өткен бұл кездесуде дін атын жамылған теріс ағымдардың сипаты, зияндары мен зардаптары оның дәстүрлі дінімізге жаққан қара күйесі, қазақ даласында орын алып отырған осы топтардың саны мен белгілері талқыланды.
Өткен жылдар ішінде радикалды ағымдардың құрбаны атанғандар мен дәстүрлі дінімізге қайтқандар туралы мәліметтер ортаға салынды. Сондай-ақ, бас қосуға қатысушылар көкейкесті сауалдарын қойып, жауаптарын алды.
Кездесуге қатысушылардың әртүрлі сұрақтарына жауап берген өкіл имам:
«Теріс ағымға көбінесе ой-өрісі орнықпаған, екіншіден, психикалық ауқытуы бар, ашушаң келетін адамдар, ислам дінін жетік біле қоймаған жандар басқа ағымға тез кіріп кетеді. Павлодар облысы бойынша бүкіл мешіттер теріс ағымда жүрген адамдармен жұмыс істеп, райынан қайтқандардың тізімін әр айдың ортасында беріп отырады. Шамамен Қазақстандағы барлық мешіттерде дін өкілдері айына 1-2 адаммен жұмыс істеп, райынан қайтарып, түсіндірме жұмыстарын жүргізеді», – деді
Пікірлер