Ақтау қалалық Бекет ата мешітінің ұйымдастыруымен «Ислам және отбасы» жылының аясында шаралар жалғасын табуда. 2018 жылдың 17 шілде күні мешітте «Қызтекелік – жаман қасиет» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Мешіттің әйел жамағаты мен арнайы шақырылған қонақтар ақ дастархан басында қоғамдағы кикілжіңдер мен адам бойындағы жағымсыз қасиеттер туралы өз ойларымен бөлісті.
Ақтау қалалық «Бекет ата» мешітінің бас имамы Зиядолла Еміл отбасы құндылығы жайлы сөз қозғап, мағыналы насихат айтты.
Мешіт қызметкері Ақмарал Қазиева да ұрпақ тәрбиесі жөнінде мәнді кеңесі мен насихатын айтып өтті.
Дөңгелек үстелге қатысушылар қоғамның өзекті мәселесі жайында ой-пікірлерін айтып, ұсыныстарын жеткізді. Сондай-ақ, мұндай шараларды жиі өткізудің маңыздылығын және оған жастарды шақыру қажеттілігін де назардан тыс қалмады.
Пікірлер