Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Палодарда әйелдерге уағыз айтылды
03 қазан, 2018 жыл 200 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша өкілдігі «Ислам және отбасы» жылына орай жасалған арнайы бағдарлама бойынша облыстық орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің «Әйел-қыздар секторының меңгеушісі Қарлығаш Қажымәлікқызы Ақтоғай ауданынында болып, аудандық «Жандарбек» мешітіне жиналған әйел-қыздар қауымына «Отбасы тыныштығы – Отан тынышты» тақырыбында  уағыз айтты.

Кездесуге аудан орталығындағы мемлекеттік орындар және басқа да ұйым-мекемелер, қоғамдық ұйымдардан 50 шақты әйелдер қатысты.

Ұстаз Қарлығаш Қажымәлікқызы отбасы құндылығы туралы айта келіп өз сөзін:

«Отбасы бақыты – мейірімділік пен қайырымдылыққа негізделген. Адам баласының өмірін тулап-толқып, буырқанып жатқан теңізге теңесек, сол бір асау бұйра жал толқындардың ығырынан шаршаған пенде бір сәт, жайлы ыстық құм төселген жып-жылы жағажайға барып дем алғысы келеді ғой. Ендеше, отбасы дегеніміз – сол бір ыстық жағажай. Адам арпаласып жатқан тірліктен шаршағанда барып жан тыныштығын табатын орын – өз отбасы. Ал отбасы берекесі мен тыныштығы – Отанымыздың берекесі мен тыныштығының негізі болмақ...»,-деп түйіндеді.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары