
Ұстаздар күні қарсаңында Нұр-Мүбарак университетінде футболдан ректор кубогына жарыс өтті. Университеттегі бүкіл кафедралар мен бөлімдер, яғни ұстаздар мен қызметкерлерден құрылған бірнеше команда футболдан кім жүйрік екендігін анықтады.
Нақтырақ айтсақ: Исламтану, Дінтану, Араб тілі және әдебиеті кафедралары, Тәрбие және дін істері, Әкімшілік, Оқу және Шаруашылық бөлімдері үшін бұл спорттық шеберліктерін сарапқа салатын нағыз мүмкіндік болды.
Нәтижесінде Ректор кубогін Тәрбие және дін істері бөлімі мен мешіт ұжымының құрама командасы жеңіп алды. Екінші орынды Дінтану мен Араб тілі және әдебиеті кафедраларының құрамасы, үшінші орын Исламтану ұжымының қанжығасына байланды. Ынталандыру сыйлықтарын университет әкімшілігі, оқу бөлімі, шаруашылық бөлімдері бөлісті.
Ұйымдастырушы Тәрбие және дін істері бөлімінің меңгерушісі, докторант О.Сейдманов бұл ректор кубогі болашақта маусым сайын өтіп тұратынын мәлімдеді.
Пікірлер