
Шымкент қаласы өкілдігіне қарасты Қаратау ауданы «Сайрам жәме» мешітінде әйелдер бөлімінде ақ жаулықты әжелеріміздің Құранға деген талпыныстары артуда. Әжелер қасиетті Құран жаттап, сонымен қоса жастараға тәлім тәрбие берумен шұғылдануда. Құранның 30-шы парасын жаттап тәджуид ілімінен дәріс алып жүрген әжелеріміз жастарға үлгі болуда. Мешітке келген жас қыз-келіншектерге өз ақылдарын айтып жақсылыққа шақыруда. Бүгінде «Сайрам жәме» мешітінде 10 аса әжелер тұрақты Құран дәрісінен ілім алуда.
Пікірлер