Еліміздің рухани, тарихи саласына жаңа леппен келген ғалымдар толқынының бір топ өкілі қазанның алғашқы күні «Имам Матуриди және матуриди сенім мектебі» атты дөңгелек үстел басында пікір алмасты. Бұл университет жанындағы Әбу Ханифа ғылыми-зерттеу орталығының мемлекеттік грантты жеңіп алған «Қазақ қоғамында діни сананы қалыптастыруда матуридилік сенім жүйесінің рөлі мен Ислам-іші плюралистік дискурс шығару перспективалары» атты жоба аясында ұйымдастырылған шара. Модератор әрі ғылыми жоба жетекшісі ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти, доцент Алау Әділбаев бұл жобаның мақсаты мен маңызына тоқтала келе беташар сөзді проректор, доцент Қайрат Құрманбаевқа берді:
Ал бұл жобаға бөлінген мемлекет қаржысының там-тұм екендігіне қарамастан, университетке, мемлекетке пайдасының салмағына мән беріп, ұсынылған 1500-дей жобаның ішінен оза шығуына барынша ден қойған профессор Шамшәдин Керім, философ, профессор Қайрат Затов өз ойларымен бөлісіп жобаға сәттілік тілеп, сенім білдірді.
Осы тақарапта ғылыми зерттеу жасаған PhD доктор Асқар Әкімханов, докторанттар Р.Әкімбеков, С.Тәжібаев, Ш.Сырым зерттеген мәліметтерімен бөлісті. Шара соңында жоба аясында имам Матуриди жайлы ұжымдық монография, хрестоматиялық еңбектер шығару мәселесі түйінделді.
Пікірлер