Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
БАС МҮФТИ АМАНГЕЛДІ АЙТАЛЫМЕН СҰХБАТТАСТЫ (ФОТО)
02 қазан, 2018 жыл 144 Басып шығару нұсқасы

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Ақтөбе облысына жасаған сапары барысында «Ақтөбе» облыстық телеарнасының «Руханият» бағдарламасында қонақта болып, қоғам қайраткері, профессор Амангелді Айталымен сұхбаттасты.

Бас мүфти мен қоғам қайраткері еліміздегі діни ахуал, дін мен дәстүрдің сабақтастығы, жастардың тәрбиесі, білім алудың артықшылығы туралы сұхбаттасты. Серікбай қажы Сатыбалдыұлы сұхбатта балалық шағы, діни қызметке келу себебі, өскен ортасы мен өзі оқыған діни оқу орындары туралы баяндап берді.

Амангелді Айталының: «Қазіргі жастарға айтар насихатыңыз қандай?» – деген сауалға Бас мүфти: «Қашан адам баласы өз діндарлығын белгілі бір деңгейде дәреже көріп, Алла алдында атқаратын парыз-ғибадатымен қоғамнан оқшауланатын болса, сол арқылы өзін өзгеден үстем санаса, мұндай кісінің бойын менмендік билеп, пендешілік басады. Мұндай қылық – мұсылманға жат. Сондықтан, мұсылман – жүрегіне иман ұялаған, ар мен ұят ұғымдарын ұғына білетін, сабырлы, салмақты, барлық адамзат баласын дос, бауыр тұтатын, кеңпейіл де кешірімді, мейірбан жан. Жастарымыз ақиқат пен әлілдікті ту етіп, жақсы сөз сөйлеп, ізгі істерге ғана үндейтін, тек қана тыныштық пен берекетті тілеуші тұлға болып қалыптасуы қажет», – деді.

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары