Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
«Әзірет Сұлтан»: Мешіт шәкірттеріне «Бақытты жанұя құрудың жолдары» айтылды (ФОТО)
02 қазан, 2018 жыл 138 Басып шығару нұсқасы

Қалыптасқан үрдіс бойынша кешегі жексенбі республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің шәкірттері үшін тағылымға толы өтті. Әр жексенбі ақшам намазынан соң басталатын бұл басқосу сайын олар бір-бірімен етене танысып, ұстаз уағызын бірге тыңдап, жамағат болып жараса бастайды. Уағыз соңынан ұзыннан-ұзын созылған дастархан басындағы ғибратты отырыс та одан әрі жақындатып, шәкірттер білімімен қоса бірлігін де бекемдей түседі.

Бұл жолғы уағыз аясында шәкірттерге «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Бақытжан Өткелбаев «Бақытты жанұя құрудың жолдары» тақырыбында уағыз жүргізіп, ақыл-кеңесімен бөлісті. Пайғамбар сүннетіне сүйене отырып, жанұядағы жарасымдылықты арттырып, жұбайлық өмірдің жақсылығына жетелейтін жолдар айтылды. Басқосу соңы әдеттегідей шәкірттердің сауалына кезек беріліп, әркім өзіне қажетті ақпаратты анықтап алды.  Уағыздың видео нұсқасы алдағы уақытта сайтымызда жарияланатын болады.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары