
ҚМДБ-ға қарасты «Зекет» корпоративтік қоры Алматы қаласында түрлі қайрымдылық іс - шара ұйымдастырып келеді. Бүгінде кезекті шарада «Зекет» қорына түскен өтініштерден іріктеп көмекке мұқтаж 40 жанұяны азық-түлікпен қамтамасыз етті.
«EURASIA» және «Сладушка» атты мекемелермен бірге «Зекет» қоры әлеуметтік жағдайы төмен жанұяларға азық-түлік таратып, қордан жәрдем сұраған жанұялардың ыстық ықыласына бөленді.
Сондай-ақ ҚМДБ-ға қарасты «Зекет» қорына қашанда қолдап көмектесуге ниетті мекемелерге алғыс, отбасына амандық, береке, кәсіптеріне табыс тілейміз.
Пікірлер