Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Нұр-Мүбарак универсиеттінде араб тілінен семинар-тренинг басталды
01 қазан, 2018 жыл 172 Басып шығару нұсқасы

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен ИСЕСКО-ның ұйымдастыруымен Нұр-Мүбарак университетінде араб тілі мамандарына арналған семинар-трениг басталды. Семинардың мақсаты – араб тілі мен әдебиеті оқытушыларының біліктілігін арттыру, семинарға қатысушыларды оқыту педагогикасы мен психологиясының заманауи теорияларымен таныстыру, сондай-ақ кәсіби шеберлігін жетілдіру.

ҚМДБ-ның төраға орынбасары, наиб мүфти Алау Әділбаев:

«Сіздерге біріншіден ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазретіміздің сәлемін жеткіземін. Сіздердің осы еліміздегі дін саласында, медреселеріміздегі ұстаздарымызға деген жанашырлықтарыңызды білдіріп, сонау шалғай елден келіп араб тілінен семинар-тренинг өткізіп жатқандарыңыз үшін алғысымызды білдіре отырып, қош келдіңіздер дегім келеді»,-деді.

Нұр-Мүбарак университетінің проректоры, доцент Қайрат Құрманбаев:

«Кімде-кім ислам дінін үйренемін десе, ол араб тілін меңгермей жетістіктерге жете алмасы анық. Ислам дінін, қасиетті Құран мағынасын жіті түсіну үшін және қазақ тіліне енген араб кірме сөздерінің этимологиясын айқындап, олардың мағынасын, грамматикалық құрылысын, т.б. салғастыра зерттеу үшін араб тілін меңгеру аса қажет»,-деді.

«Өзге тілде сөйлейтіндер үшін араб тілін үйрену жолдарын дамыту және оның жаңаша тәсілдері» атты семинар-тренингтің ашылуына орай ИСЕСКО ұйымның директоратының басшысы Адел Бурауи, Ұлттық сарапшы доктор Рамзи Ромдани, доктор Амр Абделмонем, сондай-ақ Александр Тарак мырзалар қатысып өз лебіздерін білдірді. ҚМДБ-мен бірлескен бұл шара елімізде бесінші рет өтуде. Ең алғаш 1998 жылы ИСЕСКО ҚазҰУ университет базасында алғашқы семинарын өткізсе, 2000 жылы Абай атындағы ұлттық педогогикалық университетінде, 2004, 2009 жылдары жергілікті сарапшылардың қатысуымен ҚазҰУ базасында екі рет өткен болатын.

Бүгін басталған 5 күндік семинарға ҚМДБ-на қарасты 9 медресе-колледждерден 30 ұстаз қатысуда.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары