Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
РАНТ мүшесі Қызылжарда
29 қыркүйек, 2018 жыл 140 Басып шығару нұсқасы

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жанынан құрылған Республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшесі ҚМДБ-ның жалпы және жастар ісінің меңгерушісі Алтынбек Ұтысханұлы Солтүстік Қазақстан облысында өз жұмысын бастады. Ең алдымен РАНТ мүшесі Облыстық «Қызылжар» орталық мешітінде имамдармен кездесіп, атқарылатын іс-шаралар жоспарымен танысты. РАНТ мүшесі облыстық «Қызылжар» орталық мешітінде ақшам намазынан кейін арнайы жайылған дастархан басында жастармен кездесіп ілім алу, уақыттың қадірін біліу және Аллаға деген шүкіршіліrжайлы уағыз айтты.

Екінші күнгі жоспар бойынша Петропавл қалалық  ЕС 164/3 және ЕС 164/1 түзету мекемелеріндегі жазасын өтеушілермен кездесті.  РАНТ мүшесі қаламызда 20-мөлтек ауданында жаңадан бой көтерген мешітте жұмаға келген жамағатқа «Дұға әдептері» тақырыбында уағызын айтып, насихатын жеткізді.

Жұма намазынан кейін құрметті қонағымыз қала мешітінде жергілікті ақпарат насихат тобынын мүшелерін жұмыстарымен танысып алдағы жұмыс жоспарларды пысықтады.

 

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары