Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Талдықорған: ДІНИ БІРЛЕСТІКТЕРМЕН БАЙЛАНЫС ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
28 қыркүйек, 2018 жыл 140 Басып шығару нұсқасы

Кеңес жұмысына облыс әкімінің орынбасары А.Әбдуәлиев, ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкілі Оразбаев Ардақ, ҚМДБ-ның Алматы өңірі бойынша өкілі Қ.Наржанов, облыстық департамент, басқарма басшылары, аудандар, қалалар әкімдерінің орынбасарлары, «Нұр Отан» партиясының Алматы облысы бойынша филиалы төрағасының бірінші орынбасары, облыстық ішкі істер департаменті, облыстық әділет департаменті, облыстық Қазақстан Халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі, Облыстық Ардаргерлер кенесінің төрағасы, Қазақстан Халқы Ассамблеясы жанындағы облыстық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы, Талдықорған қаласы Иоанн-Богослов соборының протоиерейі қатысты. 

Күн тәртібінде: Алакөл, Балхаш аудандары мен Текелі қаласының әкімдіктері жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңестердің дін саласына байланысты оңалту жұмысы мен тиым салынған діни ұйымдардың іс-әрекеттері және ақпараттық-түсіндіру топтарының жұмысы мен діни ахуалы сынды мәселелер қаралды.
Облыс әкімінің орынбасары отырыстың жұмысын қорыта келе атқарылып жатқан жұмыстар барысында мешіт имамдарының маңыздылығын алға тартты.

Талқыланған мәселелерге жауапты басқарма, департамент басшылары мен аудан, қалалық әкім орынбасарларына мешіт қызметкерлерімен бірлесе тығыз жұмыс жасау жүктелді.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары