Солтүстік Қазақстан облыстық «Қызылжар» орталық мешітінде қала, аудан, ауыл имам-молдалары сараптамадан өтті. Сараптама алуға ҚМДБ-нан арнайы комиссия мүшелері: дін істері және талдау бөлімі Н.Әуесханұлы, шариғат және пәтуа бөлімінің қызметкері М.Құрмашұлы, кадр бөлімі Б.Орынбасарұлы келді. Сынаққа елді-мекендерде бұйрықсыз қызмет етіп жүрген 22 имам-молдалар қатысты. Оларға Құран, фиқһ, ақида, тәжуид, ислам тарихы және ҚМДБ-ның ережелерінен сұрақтар қойылды. Емтиханнан өткен имамдарға алдағы уақытта мешітте қызмет етуге Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфтидің арнайы бұйрығы берілетін болады.
Пікірлер