
ҚМДБ Әйел-қыздар секторының Маңғыстау облысы бойынша жауапты өкілі Гауһар Жұмағалиеваның ұйымдастыруымен спорттық шаралардан жарыс болып өтті.
«Ислам және отбасы» жылы аясында өткен шараға мешіт жанындағы сауат ашу курстарында діни білімдерін шыңдап жүрген қыз-келіншектердің қатысты. Күнделікті құлшылықпен қоса деннің саулығына да көңіл бөлетін жамағат алдағы уақытта бұл үрдісті жалғастыруға уағдаласты. Сонымен қатар, қатысушылар арасында оқ бойы озық шыққан командаларға мешіт тарапынан сыйлықтар үлестірілді.
Пікірлер