Нұр-Мүбарак университетінде Қазақстан халықтарының тілдер күні жыл сайын тағылымға толы шаралармен аталып өтіледі. Студенттер туған тілдің қадірін, өзге тілдерді меңгерудің артықшылықтарын ұғынып қана қоймай, ата-бабаларымыздың даналығынан сыр шертіп, ұлттық салт-дәстүрлерімізді дәріптеп, өзге ұлттардың да өнер-мәдениеттеріне саяхат жасайды.
Қазақтың ақын-жазушыларының шығармалары оқылып қана қоймай, студенттер өз шығармашылығын ұсынды. Ұстаздар қауымы студенттердің өнерлеріне тәнті болып, ризашылықтарын жаудырды. Жалпыуниверситеттік гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі филол.ғ.к., доцент Дариға Қапасова:
Қымбатты студенттер, шәкірттер, аяулы сіңлілер! Біз бүгін сіздерге ерекше тән болып отырмыз. Университетімізде білім алып қана қоймай, қыздарымыздың соншалықты өнерлі екендігіне көзіміз жетіп жатыр. Тарихи қойылымды қарап отырып көзіме еріксіз жас келді. Әрі осыны ұйымдастырушы ұстаздар Нұрзия Мағазқызы, Гүлбану Суанбекова т.б. әріптестеріме орасан ризашылықпен бірге қызығушылығым күшейді. Өйткені мен ер балалар тобында дәріс беретіндіктен, қыздармен жұмыс істеудің артықшылығын осы мерекеде анық аңғардым, - деп ағынан жарылды.
Пікірлер