
Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының бас имамы Тілейбек Соянұлы «Күршім ауданының 90 жылдық мерейтойлық төсбелгісімен» марапатталды. Мерекелік медалді салтанатты жиында Күршім ауданының әкімі Дулат Қажанов табыс етті.
Аудан басшысы рухани жаңғыру бастамасына үн қосып, діни сауаттылықты насихаттаумен қатар ұлтаралық татулықты нығайту, ауданның рухани әлеуетінің артуына қосқан үлесі үшін ауданның бас имамын марапаттап, қызметінен табыс тіледі.
Аудан имамы Тілейбек Соянұлы:
«Азды-көпті еңбегімізді елеп-ескеріп жатқан аудан басшылығына алғыс білдремін. Біз аудан әкімдігімен рухани саладағы әрбір істерді бірлесіп атқарып келеміз. Бұл біздің аудандық мешіт ұжымына берілген баға, көрсетілген құрмет деп білемін» дей келе, бұл марапаттың зор жауапкершілік жүктеп отырғандығын айтып өтті.
Пікірлер