Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
БАС МҮФТИ МҰҒАЛЖАР АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН СҰХБАТТАСТЫ (ФОТО+ВИДЕО)
26 қыркүйек, 2018 жыл 136 Басып шығару нұсқасы
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Ақтөбе облысына жасаған сапары аясында Мұғалжар ауданының тұрғындарымен кездесіп, өңірдің діни ахуалымен танысты.
 
Аудан орталығы Қандыағаш қаласында өткен кездесуді Ақтөбе облысы əкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев жүргізді. Ал аудан əкімі Ербол Данағұлов Бас мүфтиге аймақтағы діни ахуалды баяндады.
 
Аудан әкімі Е.Жеткергенұлының айтуынша, өңірде 10 мешіт бар. Онда 11 имам қызмет етуде. Діни жағдай тұрақты екен.
 
Кездесуде сөз бастаған Бас мүфти Серікбай қажы Ораз:
 
"Құрметті Мұғалжар ауданының ел ағалары, бауырлар! Жуырда Ақтөбе қаласында Бердібек Машбекұлының бастамасымен "Анаға тағзым" атты үлкен шара өтті. Расында, анасын қадірлей алған адам Алланың мейіріміне бөленеді. Өйткені, ата-ананың разылығы - Алланың разылығы болып саналады. Əке-шешенің батасын алған азаматтың өмірі берекелі болады. Жастарға айтарымыз: ата-анаңызды қадірлеп, разылығын алыңыздар", - деді.
 
Кездесу барысында белгілі сазгер Жəкен Омаров ана туралы термесін орындап, жиналған жұрттың жүрегін толқытты.
 
Ауыл ақсақалдары арнайы сапармен келген Бас мүфтиге жылы лебіздерін білдірді.
 
Сұхбат соңында ҚМДБ төрағасы аудан тұрғындарына " Ұлы дала төсіндегі Ислам" кітабын сыйға тартты.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары