Кеше Павлодар өңіріне қарасты ҚМДБ «Зекет» қоры өкілдері «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде бас қосты.
Басқосуға барлық қала, аудан мешіттерінде тағайындалған Зекет өкілдері қатысты. Облыстың өкіл имамы Жолдас Қоспақұлы зекетке байланысты күн тәртібіндегі мәселелерді ортаға салды. Талқылауда қордың жұмысын дамыту және алдағы уақыттарда ашылатын «Онлайн зекет» турасында түсініктеме берді. Ары қарай облыстық деңгейде ауқымды қайырымдылық шарасын өткізу, «Зекет» қоры атынан сенбіліктер өткізу, мешіт ауласына әр жұма күні қайырымдылық жәрмеңкелерін өткізу, «Ел үлесі –Пәтерге!» халықтық жобасын шұғыл қолға алу секілді көптеген мәселелер жан-жақты талқыланды.
Пікірлер